Егер жедел симптомдар болмаса және дене қызуы қалыпты немесе субфебрильді болса, массажды аурудың 4-ші күнінен бастап жүргізуге болады. Бөлмедегі ауа қызуы ыңғайлы болуы керек, ал массаждың өзі балаға ыңғайсыздық туғызбауы керек.
- Баланы кеудесімен арнайы массаж валигіне немесе жастық үстіне басын денеден төмен түсіріп жатқызу қажет. Бұл қақырықтың бронхтан қарқынды және еркін шығуына мүмкіндік береді.
- Саусақтарыңызбен арқасын сипаңыз және уқалаңыз, нәрестеге арналған кремін немесе массаж майын қолданыңыз.
- Арқаның ортасынан иыққа қарай 20 қысқа шымшу жасаңыз (омыртқадан аулақ болыңыз), содан кейін омыртқаның екі жағындағы теріні көтеріп ұстап, иыққа қарай жылжытытыңыз, бүйірлердің шетіне қарай бірнеше сантиметр шегініңіз. және жаңағы әрекеттерді қайталаңыз. 2 және 3 қозғалыстарды 7-10 минут бойы қайталаңыз.
- Жеңіл шымшудан кейін сипау қозғалыстары орындалады (20-25 рет), содан кейін алақанның шетімен омыртқадан жауырын әаймағы арқылы иыққа қарай бірнеше рет жүргізу керек.
- Саусақтарыңыздың ұштарымен немесе жұдырықпен алақан арқылы арқаға жеңіл түртуді 3-5 минут жасаңыз. Әр процедурадан кейін бала жөтеліп қақырықты шығару керек.
Күніне 2-3 рет 10-15 минуттан 5 күн бойы массаж жасаңыз. Массаждан кейін нәрестелерді 1-2 сағатқа көрпеге орап, әр 15 минут сайын бір жағынан екінші жағына аударып отыру керек.
Жөтелге қарсы массаждың кез келген түрін қақырықты түсіретін дәріні қабылдағаннан кейін 20-30 минут өткесін жасау ұсынылады