Препарат бронхит, трахеит және трахеобронхит сияқты тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдеу үшін қолданылады.
Симптомдар жөтел мен қақырықтың болуын қамтиды.
Доза дәрілік түріне және науқастың жасына байланысты. Қосымша мәліметтерді мына сілтемелер арқылы алыңыз: шәрбат пен таблеткаларға арналған нұсқаулықтар
Қолдануды бастамас бұрын дәрігермен кеңесу ұсынылады, әсіресе симптомдар қатарында қызба немесе ентігу болатын болса.
Қазіргі уақытта басқа препараттармен өзара әрекеттесуі белгісіз. Бактерияға қарсы препараттармен біріктіріліп қолдану мүмкін.
Бронхипрет® жөтелмен және қақырық бөлінуімен (трахеит, трахеобронхит, бронхит) жүретін тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдеуде қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады.
Бронхипрет® қабынуға қарсы және жөтелге қарсы әсерінің арқасында құрғақ және ылғалды жөтелде қолданылады.
Бронхипрет® пневмонияның негізгі емі болып табылмайды, бірақ дәрігердің ұсынысы бойынша кешенді емнің бөлігі ретінде қолданылуы мүмкін.
Бронхипрет® секретолитикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсерге ие, олар қақырықты жұмсартып, оның шығарылуын жеңілдетеді, тыныс алу жолдарының жағдайын жақсартады және жөтел белгілерін жеңілдетеді.
Әдебиеттер тізімі
1 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» Республикалық Мемлекеттік Мекемесі Төрағасының Бұйрығымен Бекітілген Бронхипрет® ТП дәрілік препаратының жалпы сипаттамасы http://register.ndda.kz/category/search_prep
2 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» Республикалық Мемлекеттік Мекемесі Төрағасының Бұйрығымен Бекітілген Бронхипрет® шәрбат дәрілік препаратының жалпы сипаттамасы http://register.ndda.kz/category/search_prep
3 О. Марциан, Обсервациялық зерттеу, Ганновер қ, Германия, 2006г