БРО дых. гимнастика

Балаларға арналған тыныс алу гимнастикасы

Жедел бронхиттен сауығу кезеңінде тыныс алу гимнастиканы жасау ұсынылады1.
Тыныс алу жаттығуларының мақсаты - гипоксияға төзімділікті жоғарлату, ағзаның бейімделу қасиеттерін күшейту2.
Егер баланың дене қызуы көтерілсе, онда ол азайғанша күту керек. Тыныс алу жаттығуларын дәрігермен кеңескеннен кейін ғана жасаңыз.

Тыныс алу жаттығуларының алдында қақырық түсіретін дәріні беру керек.

БРО гимнастика мишка

Тыныс алу жаттығуларын орындаудың негізгі ережелері:

- Жаттығуларды оң эмоциялармен жасаңыз.
- Орындаудың баяу қарқыны ағзаны оттегімен байытуға мүмкіндік береді.
- Демді тек мұрын арқылы алу керек, дем шығару фазасы дем алу фазасына қарағанда 1,5-2 есе ұзағырақ болуы керек.
- Жаттығулар жиынтығын жақсы желдетілетін жерде немесе таза ауада жүргізілу керек.

Тыныс алу жаттығулары күніне 2 рет жүргізіледі: таңертең және кешке
Тыныс алу жаттығуларының алдында қақырық түсіретін дәріні беру керек.

БРО гимнастика трубач

«Кернейші»

Бастапқы позиция (БП) - орындықта отырып, қолды түтік тәрізді ұстап, аузыға дейін көтеріңіз. Мұрынмен дем алыңыз және «п-ф-ф-ф» дыбысының қатты айтылуымен баяу дем шығарыңыз. 4-5 рет қайталаңыз.

БРО гимнастика «Каша кипит»

«Ботқа қайнап жатыр»

Бастапқы позиция (БП) - орындықта отыру, бір қолды асқазанға, екінші қолды кеудеге қою. Тыныс алғанда, ішіңізді тартып, кеудеге ауа толтырып, сосын дем шығарғанда кеудеңізден ауаны шығарып, асқазаныңызды босаңсытыңыз. 1-2 минут орындаңыз.

БРО гимнастика «Петух»

«Әтеш»

Бастапқы позиция (БП) - тік тұрыңыз, аяқтарыңыз бір бірінен алшақтау, қолдарыңыз төмен. Дем алу кезінде қолдарыңызды екі жаққа көтеріңіз, содан кейін дем шығарған кезде қолдарыңызды төмен түсіріп, «ку-ка-ре-ку» дыбысымен жамбасыңызға ұрыңыз. 5-6 рет қайталаңыз.

БРО гимнастика «Часики»

«Сағат»

Бастапқы позиция (БП) - тік тұрыңыз, аяқтарыңыз бір бірінен алшақтау. Дем алу кезінде екі қолды тіке ұстап алға қарай көтеріңіз, бастан жоғары көтеріп, содан кейін дем шығарған кезде «тик-так» дыбысымен алға және артқа қойыңыз. 10-12 рет қайталаңыз.

БРО гимнастика «Паровоз»

«Паровоз»

Бөлмені айнала жүріп, қолдарыңызбен кезек-кезек қозғалыс жасап, 20-30 секунд бойы дем шығарғанда «чух-чух-чух» деп айтыңыз.

БРО гимнастика «Насос»

«Сорғы»

Бастапқы позиция (БП) - түзу тұру, аяқты бір біріне жақындатып қою, қолды дененің бойымен созу. Мұрынмен дем алыңыз, дем шығарғанда денеңізді бүйірге еңкейтіп, қолыңызды дене бойымен сырғытып «с-с-с» дыбысын созып ұзақ айтыңыз. Дем алған кезде денеңізді тіке ұстап, дем шығарған кезде басқа жаққа еңкейіңіз. 6-8 рет қайталаңыз.

БРО гимнастика «Вырасти большой»

«Үлкен болып өсу»

Бастапқы позиция (БП) - тік тұру, екі аяқ бірге. Дем алу кезінде қолдарыңызды жоғары көтеріңіз, қарқынды көтеріп созылыңыз, башпайларыңызбен көтеріліңіз; дем шығарған кезде қолыңызды төмен түсіріп, башпайдан толық табанға тұрып «y-x-x-x» дыбысын айтыңыз. 4-5 рет қайталаңыз.

БРО гимнастика «Гуси летят»

«Қаздар ұшады»

Залдың ішінде баяу жүру. Дем алу кезінде қолыңызды екі жаққа көтеріңіз, дем шығарғанда төмен түсіріңіз, ұзын «г-оо-оо-оо» деп. 1-2 минут орындаңыз.

Қолданылған әдебиет тізімі:
1. Клиникалық ұсыныстар. Балалардағы жедел бронхит. Ресейдің педиатрлар одағы.
2. Василевский И.В. Бронхитпен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді оңалту принципі. Балалар пульмонологиясы: мәселелер мен шешімдер. М.: Медпрактика-М, 2012. Шығарылым. 12. 231–233 беттер.