Қақырық түсіретін дәрілер- бұл тыныс жолдарынан шырышты секретті шығаруға ықпал ететін дәрілер. Заманауи фармакология осындай әсер көрсететін синтетикалық (негізінен жасанды өндірілген белсенді заттар) сонымен қатар өсімдік тектес дәрілерді ұсынады.

Қақырық түсіретін дәрілер тыныс жолдарының қабыну ауруынан зардап шегетін адамның жағдайын жақсартуға көмектеседі. Өйткені олар аурудың себебіне емес (қабыну), қақырықты бронхтардан кетіруге бағытталған.

Алайда, қабынуға қарсы, бактерияларға қарсы және қақырықты түсіретін әсерлерге ие кешенді әрекет ететін дәрілер де бар. Мысалы, Бронхипрет® өсімдік тектес дәрілік препарат қақырықтың шығуын жеңілдетумен қатар қабынуға қарсы әсер көрсетеді.

Қақырықты түсіретін дәрілердің әсер ету механизмімен танысып, олардың тағайындалған қолданылуы туралы ақпаратты қарастырайық.

Қақырықты түсіретін дәрілердің қолданулуы

Бронхта орналасқан бездер еритін және ерімейтін қосындылардан тұратын секрет өндіреді. Шырыштың тыныс жолдарынан шығарылуы - тыныс алу жүйесінің дұрыс жұмыс жасауының маңызды көрсеткіші. Қақырықпен бірге тыныс жолдарынан микробтар, ластаушы заттар, шаң, аллергендер, тағы да басқалары шығарылады.

Қалыпты жағдайда шырыш үнемі өндіріліп тұрады. Бұл процессте тазарту функциясынан бөлек шырышты қабаттарды ылғалдандыру, ішкі қабырғаларды жұмсарту функциялары бар. ЖРВИ немесе тыныс жолдарының созылмалы қабынуы кезінде бездер бактерияларды, вирустарды, ластаушы заттарды кетіру мақсатында қақырықты көбірек өндіреді.

Бронхиалды секреттің шығарылуы бұзылған кезде немесе өте көп мөлшерде бөлінсе, жөтел пайда болады. Әдетте ол бронхит, трахеит, өкпенің қабынуы, тағы да басқа тыныс жолдарының жедел және созылмалы қабыну ауруларымен қоса жүреді. Бұл жөтел адамды қалжыратуы мүмкін.

Қақырық түсіретін препараттар өзінің әсер ету механизмінің арқасында аталған жағдайларда адамның жай-күйін жақсартуға көмектеседі. Олар шырыштың тұтқырлығын азайтып, оның белсенді түрде шығарылуын қамтамасыз етеді.

Қақырық түсіретін дәрілер аурудың негізгі пайда болу себебіне әсер етпейтінін естен шығармау керек, сол себепті дәрігерлер оларды вирусқа қарсы дәрілермен немесе антибиотиктермен бірге қосып тағайындайды. Әдетте маман ем кезінде көп мөлшерде жылы сұйықтық ішу маңызды екенін еске салады, өйткені бұл қақырықты сұйылтуға көмектеседі.

Қақырық түсіретін дәрілердің жөтелді тоқтатпайтынын ұмытпау керек. Керісінше олар уақытша оны көбейтеді. Қақырық сұйылып, қарқынды түрде шығарылады. Сондықтан да дәрігерлер бұндай дәрілерді түнгі уақытқа тағайындамауға тырысады, себебі науқастың ұйқыға кеткенше жөтеліп алғаны жөн.

Қақырық түсіретін дәрілер қалай әсер етеді

Қақырық түсіретін дәрілердің әсер ету механизмінің негізі - бронх секретінің еритін бөлігінің өндірілуін күшейтіп қақырықты сұйылтуға ықпал етеді. Басқа емдік әсерлері де бар:

кірпікшелі эпителийдің тасымалдау белсенділігін жақсарту - бронх шырышты қабығының бүршіктерінің белсенділігін, олар белсендірек қозғалып, шырышты тыныс жодарынан шығуын арттырады;
бронхтардың жиырылуын жақсарту, соның арқасында қақырық ұсақ брохнтардан үлкендеріне, әрі қарай көмейге түседі;
көмейдің шырышты қабатын тітіркендіру арқылы жөтел ұстамасын тудыру.
Тікелей және рефлекторлы әсер ететін дәрілер бар. Бірінші түрге эфир майлары және басқа дәрілер жатады. Тікелей қақырық түсіретін дәрілердің механизмінің негізі бронхтағы бездерді ынталандыру болып табылады. Бездер көп мөлшерде шырыш шығарады, қақырық сұйылып, бронхтардың моторикасы белсенеді.

Рефлекторлы әсер ететін дәрілер шырышты қабыққа әсер етеді. Нәтижесінде бронх бездерінің тітіркенуі және бронх бұлшықеттерінің перистальтикасының жоғарылауы байқалады. Қақырық төменгі тыныс жолдарынан жоғарғы тыныс жолдарына ауысып, шығарылады.

Қақырық түсіретін әсері бар дәрілер муколитиктерден ерекшеленеді. Соңғысы қақырықтың консистенциясы мен тығыздығын өзгертеді, соның арқасында қақырық бронх қабырғаларына жабыспай және тұтылмай оңай шығарылады. Сонымен қатар, муколитиктер бездердің жұмысын ынталандырмайды, яғни олар қақырық көлемінің ұлғаюына ықпал етпейді.

Кейбір препараттар аралас әсер етеді. Сонымен, Бронхипрет® өсімдік тектес дәрілік препарат қақырықты шығаруды жеңілдетеді, жөтел ұстамаларының жиілігі мен қарқындылығын төмендетеді, қабынуды азайтуға көмектеседі. Аталған дәрілік препарат таблетка және шәрбат түрінде шығарылады. Сироп 2 жастан асқан балаларға рұқсат етілген.

Қақырық түсіретін препараттарды ешқандай жағдайда жөтелге қарсы дәрілермен бірге қабылдауға болмайды. Соңғысы, жөтел қақырықтың көп мөлшерде болуынан немесе оның шығарылуы қиындаған жағдайларға байланысты болмай, басқа себептермен туындаса тағайындалады. Дәрілердің бұл комбинациясы жөтел рефлексінің тежелуіне және қақырық көлемінің бір мезгілде жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл сөзсіз түрлі асқынуларды тудырады.

Есіңізде болсын, қақырық түсіретін препараттарды дәрігер тексеруден және диагнозды анықтағаннан кейін ғана тағайындай алады. Өз бетімен емделу жағдайдың нашарлауына және асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін.

Қолданылған әдебиет тізімі:

  • Прохорович Е. А., Силина Е. Г. Жөтел мен қақырық түзетін ауруларды емдеуге арналған дәрілік препараттар// РМЖ. Медицинское обозрение. — 2019. — № 3 (9(I)). — С. 25−28.
  • Волков А. В. Жөтелге қарсы, муколитикалық және қақырық түсіретін дәрілер. Не таңдау керек? // РМЖ. — 2008. — № 4. – С. 239.