Жөтел дербес ауру емес, бұл белгілі бір аурулардың дамуын көрсете алатын симптом. Жөтелдің пайда болуының ең көп тараған себебі – тұмау (жедел респираторлық вирустық инфекция).

ЖРВИді емдеу әртүрлі дәрілерді қабылдауды қамтуы мүмкін, бірақ көптеген адамдар жөтелге қарсы антибиотиктер симптомның себебін жоюға көмектеседі деп санайды. Біз бұл мақалада жөтелге қарсы антибактериалдық терапияны қай кезде және қашан қосуға болатынын анықтаймыз.

Жөтел кезінде антибиотиктер қажет пе?

ЖРВИге байланысты жөтелді антибиотиктермен емдеу мүлдем мүмкін емес. Біріншіден, бактерияға қарсы препараттар вирустарды жоя алмайды. Екіншіден, ЖРВИ-нің нақты емі жоқ, тек симптоматикалық терапия қолданылады. Ол қызуды түсіретін, қақырықтың шығуын жеңілдететін, мұрын бітелуін жеңілдететін және т. б. дәрілерді қолданудан тұрады.

Респираторлық ауруларды көбінесе Бронхипрет® сияқты өсімдік тектес дәрілермен емдеуге болады. Бұл қақырықтың шығаруын жеңілдетеді, жөтелдің жиілігі мен қарқындылығын төмендетеді және қабынуды азайтуға көмектеседі.

Вирустық инфекцияның белгілеріне тұмауға байланысты мұрыннан көп мөлшерде мөлдір шырыштың бөлінуі, құрғақ немесе ылғалды жөтел, соның ішінде қақырықтың едәуір көп мөлшерде бөлінуі жатады. Бактериялық инфекция вирустық инфекцияның нәтижесінде немесе өздігінен дамуы мүмкін. Әдетте, бұл жағдайда қақырық өте қою, сарғыш немесе жасыл түсті, құрамында ірің қоспалары бар, жағымсыз иісті болады.

Бактериялық инфекцияның қосылуына 3 күн немесе одан да көп уақытқа созылатын дене қызуының көтерілуі, аурудың ұзаққа созылуы, жақсарудың болмауы, сондай-ақ ентігудің байқалуы күдіктендіреді.

Бактериялар өте сирек жағдайда бастапқы инфекцияның себебі болып табылатынын түсіну маңызды, әдетте бәрі жалпы ЖРВИ немесе тұмаудан басталады. Көбіне иммундық күштер әлсіреген кезде пайда болады, мысалы, жиі ЖРВИ, аллергиялық аурулар, созылмалы қабыну аурулары және т.б.

Ересектерге жөтелге қарсы антибиотик бактериялық немесе аралас инфекция болған кезде ғана қажет. Барлық бактерияға қарсы препараттар тек бактериалық себептен туындаған жөтелге қарсы тиімді. Оларды келесі көрсетілген аурулар кезінде қолдануға болады:

  • жедел трахеит, ларинготрахеит;
  • бактериалық бронхит;
  • туберкулез;
  • пневмония.

Антибактериалды терапия әрқашан нақты бактериялық инфекцияға қарсы тағайындалу керек және дәрігер оны қатаң нұсқауларға сәйкес тағайындайды. Әдетте белгілі бір антибиотиктерді қолдану қажеттілігі бірнеше көрсеткіштермен анықталады:

  • өкпеде сырылдар естілетін болса;
  • қан анализінің нәтижелері белсенді бактериялық қабынуды көрсетсе;
  • қақырықты бактериологиялық зерттеу нәтижелері қабынуды тудыратын бактерияны растаған болса.

Антибиотиктерді профилактикалық мақсатта қабылдау қате екенін атап өткен жөн: бактериялық инфекцияның дамуына жол бермеу үшін оларды вирустық инфекция аясында алдын ала ішудің қажеті жоқ.

Жөтел кезінде ересектерге қандай антибиотик қабылдау керек?

Егер ересектерге қатты жөтелге антибиотик қажет болған жағдайда оны тек дәрігер таңдауы керек. Бұл әрқашан жеке жағдайға байланысты. Әдетте, антибиотикті таңдау қақырықты талдау нәтижелеріне байланысты, бұл белгілі бір бактериялық инфекцияға тиімді препаратты таңдауға мүмкіндік береді.

Бактериялық инфекцияға күдік туындаған кезде әрекет ету алгоритмі қарапайым болғанымен, адамның жағдайы тез нашарлайтын жағдайлар да болады. Бактериологиялық зерттеулердің нәтижесін күтуге уақыт болмаған жағдайда дәрігер кең спектрлі антибиотиктерді тағайындайды және терапия басталғаннан кейін зерттеулердің қортындысын күтіп, динамиканы бақылайды.

Кейде тиімді ем жолын таппас бұрын оның бірнеше нұсқасын қолданып көру керек.

Құрғақ жөтелге арналған антибиотиктер
Әдетте ересектердегі құрғақ жөтелге антибиотиктер тағайындалмайды. Қақырықтың болмауы - қою және тұтқыр қақырықты жөтеліп шығару қиын екенін және одан құтылуға ағзаға көмектесу керек екенін көрсетуі мүмкін. Ол үшін қақырықты сұйылтуға және оның шығарылуын ынталандыруға көмектесетін препараттар - муколитиктер қолданылады.

Кейбір жағдайларда өнімсіз жөтел нейрогендік сипатқа ие - ол ластанған ауаның өкпеге түсуінен немесе қақырықтың пайда болуынан емес, мидағы жөтел орталығының стимуляциясынан пайда болады. Бұл жағдайда антибиотиктер көбінесе пайдасыз болады. Құрғақ жөтелдің пайда болу себептерін анықтау қажет, сізге жөтелге қарсы дәрілер және т. б. керек болуы мүмкін.

Қатты жөтелге арналған антибиотиктер
Қатты жөтел қақырықтың көп мөлшері туралы да, оны шығарудың қиындығы туралы да айта алады. Кейде жиі жөтел ұстамалары көкжөтел сияқты белгілі бір инфекцияны көрсетеді.

Қатты жөтел төменгі тыныс жолдарының жедел қабынуынан туындаған болса антибиотиктерді қолдану орынды болуы мүмкін. Оларды дәрігер тағайындайды.

Ылғалды жөтелге арналған антибиотиктер
Ылғалды жөтелге қарсы антибиотиктер қажет болмауы мүмкін. Егер жөтел инфекциялық және қабыну сипатына ие болса, келесі препараттар тағайындалады:

  • муколитиктер;
  • бронхолитиктер;
  • қабынуға қарсы дәрілер және т.б.

Сондай-ақ, тұзды ерітіндімен де, дәрілік заттармен де жасалатын ингаляцияны пайдалануға мүмкін болса тағайындауға болады.

Ұзақ жөтелге арналған антибиотиктер

Аурудан кейінгі ұзаққа созылған жөтелді муколитиктермен, қабынуға қарсы препараттармен және басқа құралдармен емдеуге болады. Кейбір жағдайларда ұзақ жөтелдің себебін анықтау үшін қосымша тексеру қажет. Егер бактериялық қоздырғыш анықталса, антибиотиктер тағайындалуы мүмкін.

Бактерияға қарсы дәрілердің сауығу жылдамдығына әсер ететін тағы бір ерекшелігі бар. Шығу тегі бактериялық болатын жөтел кезінде тек аурудың себебіне ғана әсер етіп қоймай, тыныс алу жолдарын қақырықтан тазартуға көмектесу де өте маңызды.

Егер де тыныс алу мүшелеріне аса дұрыс назар аудармасаңыз, антибиотиктерді қабылдаудың өзі жеткіліксіз болуы мүмкін. Антибактериалды терапияны дұрыс таңдағанның өзінде де қақырықты сұйылту және оны шығаруды жеңілдету үшін шаралар қабылдау маңызды.

Антибиотиктерді қолданбай жөтелді емдеуге бола ма?

Вирустардың әсерінен дамыған жөтелді емдеу барысы қақырықты сұйылтатын және оны шығаруды жеңілдететін, спазм болған жағдайда бронхтың қуысын кеңейтетін дәрілерді қолдануды қамтиды. Сондықтан да жөтел мен тұмау кезінде антибиотиктер әдетте тағайындалмайды - симптоматикалық ем жеткілікті.

Әдетте, емдеу барысы қызуды түсіретін және қабынуға қарсы және мұрынмен тыныс алуды жеңілдететін дәрілерді қабылдауды қамтиды.

Жалпы, бөлмедегі ауаны ылғалдандыру және тазарту арқылы сауығуды тездетуге болады. Ол үшін сіз ауа ылғалдандырғышын қолдана аласыз, үнемі бөлмеге ылғалды тазалау жүргізіп, жеткілікті сұйықтық іше аласыз. Шаңды және құрғақ ауа, темекі түтіні түріндегі тітіркендіргіштерден аулақ болған дұрыс. Егер сіз жөтел ұстамасын алдын ала сезсеңіз, тік отыруға тырысыңыз — осылайша жөтелу оңайырақ болады.

Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, жөтелдің шығу тегі вирустық болса, өсімдік тектес препараттарды қолдану антибиотиктерді қолдануға балама болып табылады. Олар муколитикалық және қабынуға қарсы әсерге ие. Жөтелді емдеуге арналған осындай препараттардың бірі - Бронхипрет®.

Қолданылған әдебиет тізімі:
1. Балалардағы тыныс алу жүйесінің мүшелерінің аурулары: практикалық нұсқаулық / Т23 В.К. Таточенко. - жаңа басылым, қосымша - М.: «Педиатр», 2012. - 480 б
2. ПЕДИАТРИЯЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ / 2008 / 5 ТОМ / № 3. Балалардағы созылмалы жөтелді емдеу үшін антибиотиктер әрқашан қажет пе? Л.Л. Нисевич, Л.С. Намазова, Қ.С. Волков, И.М. Важнова, В.В. Ботвиньева, И.В. Зубкова, Е.Г. Филянская